ЖаңалықтарРесми

Батырға – мәңгі тағзым

Кеңес Одағының Батыры Нұркен ӘБДІРОВТІҢ бейнесін Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйдің қасбетіне салу жұмыстары басталып кетті. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ бастамасымен қолға алған игі іс, екі апта ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

Нақтырақ айтсақ, батыр атындағы көшенің бойында орналасқан ескерткіштің қатарындағы үйге салынып жатыр. Зеңгір көкке көтерілген ұшақ бейнесі – батырдың қан майдандағы ерлігін көрсетіп тұр. Құдды сол заманға қайта түскен секілді күйге енесің.

 – «Сурет салуға күнделікті 5 сағат арнаймыз. Жоспар бойынша аз уақыт ішінде бітіру межеленген. Ең бастысы ауа райы бұзылып, жұмысқа кедергі болмаса болғаны. Қала тұрғындарының тарапынан жақсы пікірлер естіп жатырмыз. Тіпті, жанымызға келіп, ізгі тілектерін білдіріп жататындары да аз емес» – дейді жоба менеджері Азиза Таласпаева.

Туынды авторы белгілі суретші Шыңғыс Қасымов. Бұған дейін қылқалам шебері жұмыс бабымен қаза болған Ерлан Нұрғалиевтің киіктің лағын көтеріп тұрған суретін осы көшедегі №4 үйдің қасбетіне бейнеленген еді.

– «Алдағы уақытта осы қарқынмен бірнеше үйдің қасбетіне түрлі суреттер саламыз» – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button