Қарағанды облысында 14 адам коронавирустан жазылды

14 мамыр күні Қарағанды облысында 14 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Індетті жеңген 12 науқас Теміртау қаласында тұрған. Ал, 2 адам Қарағанды қаласынан. Олар толық емдеу курсынан өткен соң екі мәрте ПТР сараптамасын тапсырды. Талдау нәтижесінде науқастардың сырқаттан толық жазылғаны нақтыланды. Осыдан соң, олар 14 күнге үй карантиніне жіберілді.

Қарағанды облысында коронавирустан жазылғандардың  саны 129 адамға жетті.