Ресми

Алмас Айдаров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ресми хабарлама Ақорда сайтында жарияланды. Бұған дейін Алмас Айдаров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сурет Ақордадан

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Халықаралық экономикалық қатынастар” мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, магистр дәрежесін алды.
Әр жылдары “ОХК Инжиниринг” ЖШС Басқарушы директоры (“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ АҚ компаниялар тобы), “Kaznex Invest экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, “Kazakh Invest Ұлттық компаниясы” АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі болды.
2017 жылдың маусым айынан бастап соңғы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Back to top button