Жаңалықтар

Дамудың даңғыл жолында

Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікте ғұмыр кешіп, ұлт болып ұйысып, тұрақтылықты ту етіп, толағай жетістіктерге жетіп жатқанына жаһан жұрты куә. Бұл ретте, Мемлекет басшысы ел дамуының ерекше жолын айқындап, жұртшылық назарына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың жарқын бейнесін әрдайым анық бағдарлайды. Кемел келешектің қандай болатынын, оған жету жолында табысқа кенелу үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігін де айқындап келеді. Мемлекет басшысының көрегендігі мен сұңғыла саясаткерлігін 5 қазандағы Жолдауы да дәлелдеп берді. Әр қазақ-стандық, әр отбасы, әр келешек ұрпақ үшін аса маңызды бұл құжат ортақ Отанымызды көркейтуге, ел бірлігі мен ұлт тұтастығын тамырлы етуге бағытталған дер едім. Мемлекетіміз әлем жұртшылығын дамыған ғылымы, өркендеген білімі, қарыштаған экономикасы арқылы мойындатуы тиіс. Жолдау мақсаты да осыны басты қағидаға, темірқазығына айналдырған. Сөйте тұрып, жарқын болашаққа деген сенімімізге серпін береді. Көптің көкейінде жүрген арманмұрат Елбасы көтерген жаңа бастамаларға дөп келетіні де сондықтан. Жолдаудың әр тармағы қазіргі уақыт жағдайына сай айтылған.
Мамандығым мұғалім болғандықтан, Елбасының білім саласы туралы айтқан әр бастамасына мұқият назар аудардым. Сондықтан, бұл Жолдау педагог мамандардың мәртебесін арттыруға ерекше ықпал береді деген сенімдемін. Президент білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс дей келе, нақты ұсыныстар берді. Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту – Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелетінін бұрыннан айтып келе жатқан Мемлекет басшысы бұл жолы да сапалы білім мен мамандардың біліктілігі жайлы толымды ой толғады. Ең бастысы – мұғалімдерге деген қамқорлық бөлек.
«Педагог мәртебесі туралы» заң шығару жөніндегі Президент сөзі шәкірт тәрбиелеп жүрген әр ұстазды елең еткізді деп білемін. Яғни, ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді. Педагогтардың жалақысын арттыру, оларды қызметінен тыс жұмыстарға жұмсауға болмайтыны туралы ұсынысы айрықша қолдау табады деген ойдамын. Заңда мұғалімдердің құқық мәселесі, әлеуметтік қорғалуы, ұстаздар мен мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерін ынталандыру жайы да қарастырылмақ. Расымен де, мұғалімдердің жүктемесі көбейіп кетті. Мұғалім деген ізденімпаздықты талап ететін мамандық. Оқушыға лайықты білім беру үшін уақыт тапшылығы деген мәселе болмауы керектігін Президент алға тартса, сең қозғалары сөзсіз. Ұстаздар үшін жасалатын осындай қамқорлық пен қолдау қоғамда мұғалімге деген сенімді арттыратыны белгілі. Мемлекет басшысы жеткізген бұл ақжолтай мәлімдеме мұғалімдердің төл мерекесінде жасалған лайықты тарту болды дер едім.
Мемлекетіміз дамыған отыз елдің ортасынан ойып тұрып орын белгілеуі үшін Жолдауда айтылған міндеттердің бәрі орындалуы қажет. Ал, ол міндеттерді орындау – әр Отандасымыздың парызы. Сондықтан, Жолдауда атап көрсетілген мақсат-міндеттерді жұмыла іске асырсақ, ел экономикасы өркендеп, Қазақстанның абырой-беделі асқақтай түсетіні сөзсіз. Ендігі кезекте, әр қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, ел іргесін бекітуге үлес қосуы тиіс. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Ендеше, білім мен тәжірибені ел игілігі мен келешек ұрпақтың ғажап өмір сүруі жолында жаңғырта білуіміз керек.
Бұл ретте, біздің ұжым да Жолдауда көрсетілген асқаралы міндеттерді толықтай қолдай отырып, оны жүзеге асыру кезінде бар күш-жігерін салмақ.

Нұргүл Шамаева.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button