Жаңалықтар

6-12 тамыз. Апталық жұлдыз жорамал

Тоқты

Астрологтар бұл аптада көңіл-көтеріп, бой сергітетін шаралардың сіз үшін нәтижелі болатынын айтады. Сондықтан, жанында өзіңізді жақсы сезінетін адамдарға көбірек уақыт бөліңіз.

Қызмет барысындағы шаруаларға батыл кіріссеңіз, біраз жетістікке жетесіз. Тек, басшылық пен өзіңіз үшін маңызды және маңызсыз мәселелерді ажырата алсаңыз болғаны.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Торпақ

Бұл апта сіз үшін табыс табу жөнінен емес, махаббат пен дүниетанымды кеңейту ісінде сәтті болмақ. Ойда-жоқта орын алған таныстықтың соңы үлкен хикаяға ұласуы мүмкін. Ал, қызмет орныңызда басшылықтың ризашылығына бөленіп, ең қатал деген бастықтың өзінен мақтау естисіз.

Жеке өміріңізде де көптеген тосын сыйлар күтіп тұр.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Егіздер

Достарыңыз саяхатқа не сейіл-серуенге шақырады. Бас тартпаңыз. Күйбең тірлікті аз уақытқа ұмыта тұрыңыз. Себебі сізді жаңа энергия мен идеяларға толы демалыс күтіп тұр.

Жеке өмірде де сәттілік үнемі жаныңызда.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Шаян

Бұл апта — сіз үшін кедергілерді жолдан алып тастап, өмірдің ұнамсыз тұстарын өзгертетін апта. Апта күндеріндегі өзгерістер жақындаған сайын көңіл-күйіңіз көтеріліп, өзіңізді жақсы сезіне түсесіз.

Жеке өмірде «ақылдылар» мен «жанашырлардың» айтқандарына көңіл бөлмей, тек түйсігіңізді тыңдасаңыз, жолыңыз болады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Арыстан

Астроболжамға сенсеңіз, осы аптада саяхатқа міндетті түрде шығыңыз. Себебі, сізді көптеген қызықты оқиғалар мен керемет демалыс күтіп тұр. Сондықтан, басқа жоспарларыңыз болған күннің өзінде оларды кейінге қалдырып, жолға шығып кетсеңіз, өкінбейсіз. Есесіне, бойыңыз жағымды энергияға, ойыңыз жаңа идеяларға толады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Бикеш

Сіз үшін сәттілікке толы апталардың бірі. Жағымды энергияңыз тасып, кез келген жағдайға оптимистік көзқараспен қарайсыз. Соның арқасында сізге ештеңе кедергі емес.

Қызмет орнында өзіңізге жүктелген шаруаларды жедел түрде тындырып отырсаңыз, тасыңыз өрге домалайды.

Жалғызбасты Бикештерде осы аптада қызықты таныстықтар көп болады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Таразы

Бұрын сөздеріңіз жараспай жүрген адамдар болса, олармен тіл табысу осы аптада оңайға түседі. Бірінші болып сіз сәлемді түзеңіз, сонда олардың сөзі де түзеледі. Нәтижесінде өміріңізде тыныш та жайлы атмосфера орнайды.

Алаң болмаңыз, жеке өмірде де бас ауыртатын мәселе жоқ, бәрі бірқалыпты.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Сарышаян

Бәрінің жазғы демалысты қалай өткізсем деп басы қатып жүр. Бірақ сіз өйтпеңіз. Қызмет пен манспақа қатысты жоспарларыңызды пысықтаңыз. Айналадағы болып жатқан жайларды назардан тыс қалдырмай, сергек болыңыз. Себебі, осы аптада тиімді ұсыныстар мен мүмкіндіктер көп болады. Жұлдыздар жіберген белгілерді байқамай қалмаңыз.

Жеке өміріңіз бірқалыпты өтуде. Сүйіктіңізге тосын сый жасау немесе сейілге шығу арқылы өмірлеріңізге өзгеше бояу енгізсеңіз артық болмайды.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Мерген

Бұрыннан бас қатырып келе жатқан бір ісіңіз осы аптада шешімін табады. Сарыла күтіп жүрген қызметтік жоғарылау немесе жалақыңыздың артуы да орын алуы мүмкін. Өзіңізге сеніп, жаңа істерді еш сескенбей бастай беруге болады. Қажетті қаржы да, күш те табылады.

Махаббатта жайлы да жайбарақат кезең орнайды.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Тауешкі

Бұл аптада табыс пен ақшаға қатысты сұрақтарға баса мән беріңіз. Жаңа іс бастауға келесі апта бар, ал әзірге аяқталмаған шаруаларға күш салып, соңына дейін жеткізіңіз.

Демалыс күндерін тек жеке өмірге арнап, сүйіктіңізбен сапарға шығыңыз. Қызықты да пайдалы болатынына, махаббаттың қайта жанданатынына біз кепіл.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Суқұйғыш

Бұл аптада көңіл-күй шкаласы жоғары, өзіңіз ұқыпты да тындырымдысыз. Жұлдыздар жолыңызға көптеген қызықты шараларды тосады. Еш уайымдамаңыз, жұмысқа да, қызық қууға да – бәріне уақыт табасыз.

Жеке өміріңіз бірқалыпты, жайлы өтеді.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Балықтар

Достарыңыз саяхатқа шығуға жиі шақыруы мүмкін. Көңіліңіз қаламаса, келіспеңіз. Тым болмағанда бұл аптада емес. Осы күндері түйсігіңіз ерекше жақсы жұмыс істейді. Ол сізді барлық жағымсыз жайттарға соқтықтырмай алып шығады, егер тыңдасаңыз, әрине.

Махаббат майданында қандай да бір игі ісіңіздің арқасында «жеңімпаз» атанасыз.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келе ме? Осы жерден тексеріп көре аласыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button