Облыс әкімі

Қарағандыда он мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыспен қамту саласындағы проблемалар мен даму әлеуеті бойынша Мәжілісте Парламент тыңдауларында баяндама жасады. Онда еңбек нарығы, азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмысбастылығына қатысты проблемалар, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындарды рәсімдеу мәселелері талқыланды. 


– Бүгінгі таңда Қарағанды аймағының еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады, 2017-ші жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 4,8% орнына 4,6%. Өзін өзі жұмыспен қамтушы тұрғындардың саны 9 000-ға төмендеп, 52 мың адамды құрады. Қазір бізде 700 мың экономикалық белсенді тұрғын бар. Нарық құрылымының өзгергеніне қарамастан, біздің міндетіміз – олады жұмыспен қамту болып табылады, – деді Ерлан Қошанов.
Ол аймағымызда еңбек нарығы бірінші кезекте өнеркәсіп сұранысын қанағаттандыруға бағытталғанын атап өтті.
– Алайда біз қазіргі таңда барлық ірі кәсіпорындар Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге бағытталғанын түсінеміз. Өнеркәсіптегі жаңғыру экономика құрылымының өзгеруіне алып келеді. Әртараптандыру үлеспайдамен қоса жұмыс күшінің босатылу қаупін тудырады. Біз не істеп жатырмыз? Қазіргі таңда біз 68 ірі кәсіпорындармен еңбек ресурстарының ағымы бойынша жол карталарын құрдық. Ол өз кезегінде бізге алдын ала штаттың қысқаруын болжауға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді аймақ басшысы.
Ол алдағы үш жылда облыста 34 инвестициялық жобаларды іске қосудың арқасында 9600 жаңа жұмыс орындары қүрылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар еңбек нарығының жаңа талаптарын ескере отырып, мамандардың біліктілігін арттыру шаралары қолданылып жатыр. Бұл ретте дуалды білім беру көмегін тигізуде.
Биылғы жылы 60 адам сұранысқа ие мамандықтарға облыс бойынша берілген білім гранттарымен ЖОО-на түсті. Сондай-ақ кәсіби-техникалық білім алу үшін 8000 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген, оның 75% – жұмыс мамандықтарына.
– Аймақтық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып кадрлық сұранысты бақылау және болжау орталығын құрудамыз. Ол экономиканың кадрларға сұранысын болжауға және мемлекеттік тапсырысты құруға мүмкіндік береді, – деп толықтырды Ерлан Қошанов.
Қарағанды облысы елімізде шағын және орта бизнесте жұмыс істеушілер саны бойынша4-ші орында тұр.
– Ол облысымыздың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігі. Бұл сегменттің ұлғаюы біз үшін басым бағыт болып табылады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button