Жаңалықтар

Қарағандылық шаруалар елордалықтарға өз өнімдерін ұсынды

Қарағандылық шаруалар Астанада өткен жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім әкелді. Сөреге қойылған ет, көкөніс, балық және сүт өнімдері нарық құнымен салыстырғанда анағұрлым арзанға сатылды. 

– Біз Қарағанды облысынан 579 тонна өнім алып келдік. Оның ішінде 93 тонна ет, 4 тонна балық пен құс етін және тағы да басқалары бар. Ең үлкен көлемде біз картоп алып келдік – 350 тонна, оны бір келісін 50-60 теңгеден сатып алуға болады. Жәрмеңкеге облысымыздың тоғыз ауданы мен төрт қаласы қатысып отыр, барлығы 78 ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер келді, – дейді Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, Қарағанды облысының ауыл шаруашылық өнім өндіррушілері биыл Астанаға жәрмеңкеге үшінші рет келіп отыр. Бүгінгі жәрмеңкеде ұсынылып отырған тауарлардың жалпы құны 230 миллион теңгені құрайды. Елордаға өздерінің өнімдерін тек фермерлік шаруашылықтар ғана емес, сонымен қатар облыстың ірі сүт, ет және басқа да өңдеу кәсіпорынлары келген.

Астаналықтар мен қала қонақтарын бауырсақ және қымыз фестивалі қуантты, онда кез-келген ниет білдіруші ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Ал шығармашылық ұжымдар жәрмеңкеде музыкалық бағдарламаларымен жарқын көңіл-күй құрды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button