Жаңалықтар

BI GROUP – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін енді алғанда құрылыс саласы әлі де дамымай тұрып көптеген компаниялар пайда бола бастады. Бірақ қиын қыстау сәттерде компаниялардың көбі банкроттық жариялап ірі дегендері қалған болатын. Соның бірі және бірегейі «BI Group» құрылыс компаниясы. Бүгінде әлем бойынша өзіндік орыны бар ірі компаниялардың бірі «BI Group» ірі құрылыс холдингіне тоқталайық. BI Group Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшы. Компания — көпсалалы, оның құрылымы құрылыстың, девелопменттің және инжинирингтің түрлі салаларындағы дивизиондар мен дирекцияларынан тұрады. Тарихына көз жүгіртетін болсақ BI Group 1995 жылы құрылды. Холдинг жылдан жылға дамып, қазақстандықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.

Аталмыш компания директоры Айдын Рахымбаев мырзаның жетекшілігінмен 8000 астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ірі құрылыс компаниясының алар асулары әлі де алда.

Ауқымды жұмыстарды қолға алып, барлық деңгейлерде тұрғын үй салу, Халықаралық мұнай-газ компаниялары үшін аса күрделі жобаларды жүзеге асыру және таяу шетел нарықтарын игеру, құрылыс саласындағы ауқымды мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда.

Сонымен қатар компания өз қызметкерлерінің кәсіби тұрғыда өсуіне және олардың тұрақты оқуына қолайлы жағдай жасайды. Ең бастысы не екенін білесіз бе? Олар өз объектілерін жоспарланған мерзімінде тапсырады. Ал қарапайым тұтынушығада мерзімінде аяқталғаны маңызды. Аталмыш компания қайырымдылық жобаларымен де белсенді түрде айналысып келеді. Тіпті ТМД тарихында алғаш рет Астанада BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana әлемдік жарысы өткізілді. Жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға барша ТМД елдерінің өкілдері жоғары баға берген болатын.

Міне BI Group компаниясы бүгінгі таңда тек Қазақстандық емес әлемдік құрылыс саласында орын алуда. Жауапкершілігі жоғары BI Group – халық таңдауы.

Құлынтай Монай

Басқа материалдар

Back to top button