Бас тақырыпОблыс әкімі

БАҚ – алтын көпір

Қарағандыда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылатын Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын табыс ету салтанаты өтті. Салтанатты шара Кеншілер мәдениет сарайында болды.

– Бір жыл бұрын, алғаш рет «Алтын сұңқар» сыйлығын табыс еткен кезде мен сіздердің көбіңізді біле қоймайтынмын. Сіздерге бір құпияны ашайын: бүгінгі күні сіздердің ең адал оқырман және көрермендеріңіздің бірі менмін. Әрдайым сіздердің мақалаларыңызды оқып, жаңалықтарды көруге тырысамын. Көптеген оқиғалар туралы сіздерден білемін. Біздің облысымыз еліміз бойынша ең үлкені жәнеде барлығын бақылап қадағалау мүмкін емес, алайда сіздердің жарияланымдарыңыздың арқасында мен барлығын біліп отырамын. Сіздер көптеген өзекті мәселелерді көтердіңіздер, мысалы Теміртаудағы «қара қар» туралы да, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай келе.

Ол журналистерге «сүйікті кәсіптеріңіз сіздердің жеке өмірлеріңізге орын қалдырсын» деп тілегін білдірді. Биылғы жылы «Алтын сұңқар» сыйлығына үміткерлер тарапынан облысымыздың 13 қалалары мен аудандарының 31 БАҚ-нан 100-ден астам өтініштер келіп түсті. 10 адам және екі ұжым лауреат атанды.

Биылғы жылы жаңа номинация енгізілді: «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үздік жарялағаны үшін». Жеңіс облыстық SARYARQA телеарнасына бұйырды.

«Кәсібіне адалдығы үшін» номинациясының жеңімпазы Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының директоры Базарбай Әлеуханұлы болып танылды.

«Бесенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясының марапатын «BNews.kz» интернет-порталының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Чуднецова Анжелика иеленді;

«Объектив шебері» номинациясында Saryarqa ТА телеоператоры Төкенов Мұрат үздік боп танылды;

«Ауыл тақырыбын үздік жариялау» номинациясының сыйлығына Абай аудандық «Абай – Ақиқат» газетінің бас редакторы Әбеуова Гүлнұр лайық боп танылды.

«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» сыйлығына комиссия «КазТАГ» АА меншікті тілшісі және «Взгляд на события» газетінің тілшісі Кравец Николайдың материалдары лайық деп тапты.

«Өндірістік тақырыпты үздік жариялау» номинациясының жеңімпазы болып республикалық «КТК» Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісіСабдалы Саят танылды.

«Саран газеті» қалалық газетінің фототілшісі Оспанова Камила комиссияның пікірінше «Алғашқы табыстары үшін» номинацияна лайық.

Биылғы жылы «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» Saryarqa ТА редакторы Несипбаев Виталийге белгіленді.

«Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясының сыйлығы Ақтоғай аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің корректоры Тәжібаева Даниағатағайындалды.

«Еңбек адамы» тақырыбын үздік жариялағаны және насихаттағаны үшін» номинациясында Қарқаралы аудандық «Қарқаралы» газетінің тілшісіӘбілова Сағыныш үздік боп танылды.

Сыйлық мөлшері 250 мың теңгені құрады.

Облыс әкімінің 1 млн.теңге көлеміндегі арнайы сыйлығы биылғы жылы «5 арна» телеарнасының ұжымына тағайындалды.

Естелік мүсіншелері мен дипломдарды лауреаттарға танымал қарағандылықтар табыс етті. Олардың қатарында 2017-ші жылдың үздік ұстазы Раиса Сәбитова, бойынша денсалық ақтау саласындағы «Кәсібіне адалдық» номинациясының лауреаты Светлана Курганская бар.

Журналистика ардагерлерінің сұхбтымен бейне роликтер әзірленді.

Мерекелік концертте қарағандылық әртістер мен ұжымдар, сондай-ақ тынымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева өнер көрсетті.

«Алтын сұңқар» Қарағандыда 2006-шы жылдан бастап тағайындалуда. 12 жылда БАҚ-ның 174 қызметкерлері оның лауреаттары атанды.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button