Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандылық көпбалалы отбасылар баспанамен қалай қамтылады?

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов халыққа есеп беру кездесуінде көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары мен қолайлы несиелер берілетінін айтты.

Аймақ басшысының хабарлауынша, бүгінде облыста 36 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың 1206-сы көпбалалы отбасы. Қазір аймақта тұрғындардың 11 санаты бойынша 300-ге жуық пәтер салынуда. Әйтсе де, бұл кезекте тұрғандардың барлығын баспанамен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан да, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” беріледі.  Осылайша, көпбалалы ата-аналар жылдық мөлшерлемесі 2% құрайтын 15 млн. теңгеге дейін несиеге баспана алу мүмкіндігін иеленбек. Бастапқы жарна – 10%. Сонымен қатар, бастапқы жарнаны субсидиялау мақсатында тұрғын үй сертификаттарына 1 млрд. теңге қарастырылған.

Басқа материалдар

Back to top button