Облыс әкіміРесми

Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны

Аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің философиясы – Ұлы Дала тарихында» атты онлайн дөңгелек үстел отырысы өтті.Оған Мемлекеттік Елтаңбаның авторларының бірі, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібеков, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабұлдинов, қоғам қайраткері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Зулпа Чумакова, Балқаш қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы № 15 мектеп-лицейінің директоры Қарлығаш Дүбірбекова, қазақ күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем кубогының иегері Бекзат Ахметбеков, Теміртау қаласындағы «Ана мен бала» орталығының дәрігері Ольга Тракс қатысты.

Жиын барысында спикерлер Мемлекеттік рәміздер тарихына тоқталып, тағылымы мол, маңызы зор ойларымен бөлісті.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, мемлекет идеологиясының негізі – еліміздің басты символдарына ерекше құрмет пен насихат жұмысының маңыздылығын айрықша атап айтты.

Жандарбек Мәлібеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына байланысты тарихи деректерді ортаға салып, олардың философиясы туралы ой қозғады. Ал, Зиябек Қабұлдинов мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні жөнінде әңгіме өрбітті.

Облысымыздың әр өңірінен, түрлі саладан қатысушы спикерлер Мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау мен патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ізгі тілек-ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ, шарада жоғары жауапкершілігі һәм азаматтық ұстанымдарымен ерекшеленген аймақтың бірқатар азаматтары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Дөңгелек үстелге қатысқан құқық саласы, мәдениет және спорт, білім салаларының өкілдері, ЖОО ректорлары, «Астана», «Орталық» әсери қолбасшылығының қызметкерлері, белсенді жастар, мемлекеттік мекемелер басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері елдігіміздің нышаны – мемлекеттік рәміздер хақында біршама тың ойларды зерделеріне түйгені анық.

Басқа материалдар

Back to top button