Жаңалықтар

Қос үшем келді өмірге!

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

Ortalyq Qazaqstan

Қарағанды қаласындағы перинаталдық орталықта қос үшем дүниеге келді. Қазір алты сәбидің денсаулығы жақсы. Рас, бастапқыда үшемдердің салмағына қатысты қиындықтар болған екен. Әйтсе де, дәрігерлер қауіптің сейілгенін айтып отыр.

Алғашқы келіншек дүниеге екі ұл мен бір қыз баланы әкелді. Сәбилердің салмағы небары 980 грамм, 990 грамм және 995 грамм болған. Олар ұдайы дәрігерлердің бақылауында болып, 23 күн стационарда қажетті медициналық көмек алды. Осының нәтижесінде, сәбилер салмақ қосып, ауруханадан шығар кезде 1900, 2099 және 2145 грамға жетті. Екінші ана үш ұлға өмір сыйлапты. Олар перинаталдық орталықта перзентханада 19 күн жатып, қажетті емдеу шараларын алған соң үйлеріне шығарылған. Сәбилердің денсаулықтары қалыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, соңғы жылдары аймағымызда өмірге егіз бала және үшем әкелу жиілеген. Мәселен, 2018 жылы 25, ал, 2019 жылы 31 егіз бала өмірге келген. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 15 егіз және 2 үшем дүние есігін ашты.

Басқа материалдар

Back to top button