Жаңалықтар

Жетім балар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған инклюзивті онлайн-жоба

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Мен – жаңа әлем құрушымын» атты онлайн білім беру жобасын енгізді. Ол «Аман келешек» республикалық инклюзивтік бағдарламасы аясында өткізіледі. Жобаға балалар үйлері мен түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатыса алады.

Жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және сыни ойлауын дамыту. Интерактивті шеберлік сабақтары мен воркшоптарда этикалық нормалар туралы айтылады.
Жоба 1 сәуірде басталады. Алғашқы онлайн-воркшоп қоғам мен интернетте өзін-өзі ұстау ережелеріне арналған. Қатысушылар үшін менталды жаттығу, интерактивті дәріс дайындалды. Сондай-ақ, кибербуллинг жағдайын ойын түрінде өткізіп көрсететін квест өтеді.

Воркшопты әзірлеуге Еуразия технологиялық университеті қолдау көрсетті. Оған спикер ретінде адам құқықтары саласындағы сарапшы Халида Әжіғұлова қатысады.
Бұл жобаға қатысу тегін.
Оған gulnar@fpp.kz е-mail арқылы тіркелуге болады.

Онлайн сабаққа қатысушылардың саны шектеулі. Өйткені, қатысушылар көп болған жағдайда олармен  өзара іс-қимылдың тиімділігіне бағдарлауда қиындықтар болады.  

 

Басқа материалдар

Back to top button