Ымыра ыдырамасын

Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мақаласы — бүгінгі елең-алаң уақытта жұртты сабырға шақырып, тұма тілек ақтарған дүние.

Біртұтас ел болып, бейбіт күн ке­шуіміз – сауатты әрі сабырлы жүргізілген саясаттың жемісі, Елбасының еңбегі. Бейбітшіл, тұрақтылығы мен татулығы жарасқан ел ретінде алысжақынға танылдық. Дәл қазір жұмылып жұдырық болып, ымыраны ыдыратпай, бірлігімізді көрсететін кез. Қазағым – ыкылымнан бері  парасатты, ұлы халық. Әрқайсымыз өзімізді реттілікке бейімдейік. Дәл қазіргі пандемия кезінде тек тәртіп пен сабыр керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен құзырлы ұйымдар барлық мүмкіндікті жасауда. Ендеше, уақыт талабына үндес әрекет етейік.

Күліш ТӨЛЕУХАНОВА,
Қарағанды облысы ҚХА
Аналар кеңесінің мүшесі.