№36 мектепте оқу процессі қалыпқа келтірілді

Өткен аптада шатыры өртеніп кеткен №36 мектепте қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Өрт сөндіру барысында зардап шеккен сыныптар құрғатылып, тілсіз жаудың зардаптары толық жойылды. Қазір оқушылар өз мектептерінде білім алуда, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің мәлімдеуінше, қазір материалдық шығындарды есептелуде. Өрт ғимараттың шатырындағы жарық шамдарының тұйықталуынан туындаған болуы мүмкін. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.