Ресми

ERG қомақты қолдау көрсетеді

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК пен Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр МАШКЕВИЧ ынтымақтастық пен өзара міндеттемелер туралы меморандумға қол қойды. Жиын барысында Еуразиялық топ басшысы 2020 жылы Қарағанды облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 800 млн. теңгеден астам қаржы бөлетінін мәлімдеді. Бұл қаражат облыс орталығында және компания қызметкерлері тұратын кенттерде инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалмақ.

Компания облыс орталығында үстел теннисі орталығының құрылысын, үш мектептің жөндеу жұмыстарын және гимназияны абаттандыруды қаржыландырады. Сонымен қатар, Шұбаркөл кентіндегі қазандықты күтіп ұстауға, мектепті жөндеуге және оқу жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Нұра және Жаңаарқа аудандарында аудандық маңызы бар және кенттердегі автомобиль жолдарын жөндеп, Қызылжар және Шұбаркөл кенттері тұрғындарын тегін көмірмен қамтамасыз етпек.
Кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық көрсеткіштерімен қатар, олардың өз жұмысшылары мен тұрғындарына қамқорлығы маңызды. Сондықтан, облыс әкімдігі әлеуметтік бағдарламаларда серіктестік қарым-қатынастарды дамыту бойынша ірі кәсіпорындармен белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, ERG компаниясы аймақ тұрғындары үшін маңызды бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, – деді Жеңіс Қасымбек.
Билік тарапынан компания қызметкерлері тұратын кенттерде жайлылықты қамтамасыз етуге жағдай жасалып, бюджеттен автомобиль жолдарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын жөндеуге қаражат бөлуді қолға алынғаны да назардан тыс қалмады.
Атап айтқанда, Шұбаркөлде көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу, сондай-ақ кентті абаттандыру жоспарланған. Медициналық пункт жөнделіп, Нұр-Сұлтан – Қорғалжын – Баршын – Шұбаркөл – Қызылжар автомобиль жолы ретке келтірілмек.
– Мен Қарағанды облысының басшылығымен өзара тиімді қарым-қатынас қалыптасқанына өте қуаныштымын. Біз адами әрі әлеуметтік құндылықтарды бірдей бағалаймыз. Тұтастай алғанда жыл сайын аймақта және біздің компания жұмыс істейтін жерлерде өмір сүру деңгейін жақсарту жөнінде бірлескен шешім қабылдаймыз. Осылай бірлесе отырып, Елбасы мен Мемлекет басшысының идеологиясын жүзеге асыруға тырысамыз, – деп атап өтті Александр Машкевич.
ERG – минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша жетекші халықаралық топтың бірі. Арқа жерінде жұмыс істейтін «Шұбаркөл Көмір» көмір разрезі 2019 жылы 11,3 млн. тоннадан астам көмір өндірсе, «Қазмарганец» кен басқармасы 165 мың тоннадан астам марганец концентратын шығарған. Жиында Еуразиялық топ Қарағанды облысында жаңа жобаларды дамытуға бет бұрғаны айтылды.
Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button