Баға — билік бақылауында

Маусым аралығындағы азық-түлік бағасын реттеп отыру мақсатында облыста тұрақтандыру қоры жасақталуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен бірнеше шаруашылықпен келісімшарт жасалды. Сәйкесінше, диқандар өндірген өнімінің бір бөлігін қорға өткізуге міндеттеледі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жоспар бойынша қорға 1800 тонна картоп, 950 тонна көкөніс сатып алу көзделуде. Мұнда пияз, сәбіз, қызылша және орамжапырақ сияқты өнімдер қамтылған.

Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына 204 тонна қант, 68 тонна күріш, 68 тонна қарақұмық, 48 мың литр сұйық май жеткізілмек.

Бүгінде тұрғындар тарапынан сұраныс басым азық-түлік түрлерінің бағасы бір деңгейде тұр. Облыстың кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, тек қарақұмық қана ептеп қымбаттаған.

– Қазанның 16-23 аралығында облыста өндірілмейтін, әлеуметтік маңызы бар азықтүлік өнімдерінің құны бұрынғы деңгейде қалды. Қарақұмық бағасы сәл ғана өсті. 3,7 пайызға. Яғни, 108 теңгеден 112 теңгеге дейін. Оның негізгі себебі – өнім өндірушілердің бағаны көтеруі, – дейді облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Енді қарақұмықтың бағасын шарықтатпау мақсатында 68 тонна өнімді 85 теңге көтерме бағасымен әлеуметтік павильондарда саудаға шығару қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, әлеуметтік павильондарға 139,5 тонна қант бөлінуде. Қалалықтар 20 нүктеден қанттың келісін 210 теңгеден сатып ала алады. Әзірге, 40 тоннаға жуық қант сатылған.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.