Бас тақырыпСаран

Жүйелі жұмыстар талқыланды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Арман ЖҰМАБЕКОВ жұмыс сапарымен Саран қаласына келді. Арман Дайырұлы Ақтас кентіне, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжіне, қалалық Мәдениет үйіне барып, Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан xалқына Жолдауын талқылау бойынша кездесулер өткізді.

Шаһар әкімі Ержан Оралұлы жүргізіп отырған кездесуге жергілікті атқарушы органдардың, педагогикалық ұжымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мұндағы басты мақсат – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мен Жолдау аясында атқарылуы тиіс міндеттерге талдау жасау болды. Сонымен қатар, шаһарға келгенде ең алғаш ат басын бұрған колледждің білім беру саласындағы жетістіктерімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға зер салды.

Кездесу барысында Арман Дайырұлы Президент Жолдауындағы басымдықтар туралы айтты. Өз сөзінде елге 300 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып отырғандығын, алдағы уақытта ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсетіндігін, білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасы жақсаратынын алға тартты. Жолдаудың мән-маңызына тереңдей бойлап, жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, ұстаз мәртебесіне қатысты заңның маңыздылығын, Жастар жылын жариялаудың мәнін, агроөнеркәсіптегі кооперативтік қозғалыс пен қайта өңдеу саласын, жалпы бәсекелестіктің мазмұны туралы сөз қозғады.

кезегінде Арман Жұмабековке Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мақсатында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, атқарылуы тиіс міндеттерді айқындап бергені үшін алғысын айтып, Жолдауда көрсетілген міндеттердің ойдағыдай орындалатынына зор сенім білдірді.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ.

 САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button