Ұлытау

Коррупциямен күрес – екпінді

Ұлытау ауданының басшылығы қоғамның жегі құрты – сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Өйткені, мемлекеттің қазынасына қол салғанның маңдайынан ешкім сипамайды. «Бармақ басты, көз қыстының» ауылы да алыстай түскен қазір. Мемлекет басшысы міндеттегендей, халыққа көрсетілетін қызмет те ашық әрі қолжетімді болуы тиіс.

Жемқорлық

Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлытау ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Д.Жұмановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» аясында пікірсайыс өтті. Шараның мақсаты – ауқымды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде ой өрбіту.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаев, аудандық сот судьясы С.Сағатов, аудандық мәслихат депутаты С.Ташенов, аудан прокурорының көмекшісі С.Байбосын, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ж.Бегаев, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Ахметов байқаудың барысын бақылап, қазылық жасады. – Мемлекеттік қызметші – халықпен тікелей байланыстағы тұлға, оған тек кәсіби маман болып қана қою жеткіліксіз. Бүгінгі күннің талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің бойында талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, сондайақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет қылу сияқты дағдылар болуы тиіс, – дейді пікірсайысты жүргізген Думан Айтбекұлы. Үш тақырыпты қамтыған сайысқа қатысушылар «Үкімет», «Оппозиция» ретінде өзара алты топқа бөлініп, бақ сынасты.

Сонымен, «Пара алушылардың барлық мүліктерін міндетті түрде тәркілеуді енгізу – сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдісі» тақырыбы бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінен А.Иманғажы мен Н.Төлеу сөз алды. Бұл топпен ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен А.Еділбаев және М.Төлеш пікір жарыстырды.

Ауданның білім бөлімінің өкілдері А.Көшенова мен Д.Алшымбаеваға қарсы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімдерін ұзарту» тақырыбындағы пікірсайысқа ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандары М.Құдайқұлов пен А.Сұлтания қатысты. «Пара алушылардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы» тақырыбы бойынша ауданның жер қатынастары және сәулет, қала құрылысы бөлімінен Ә.Совет, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен Э.Тілеуғабылова, Ж.Өмірбаева өзара пікір алмасты. Қазылар алқасы мемлекеттік қызметшілердің тақырыпты ашуына, дәлелдеуіне, идеяларының негізді болуына және сөйлеу мәнеріне мән берді. Өз пікірлерімен бөлісіп, қосымша сұрақтар қойды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button