Жаңалықтар

3 минутта идеяны сатуға бола ма?

Жастар маған өнімнің таныстырылымын қалай жасағаным дұрыс деп жиі жазады.

Бірде мен конкурсқа қатыстым. Онда өзінің ойлап шығарған сутегі двигателіне жан-жүрегімен беріліп сенген жігіт сөйледі. Ол екі бөтелке су әкелді, оған сымдарды салып, оны батареяға қосты. Сосын тоқ көзіне қосқанда, оттегі сутегіден бөлініп шықты. Міне, осыны көрсете тұрып әлгі жігіт мұның сутегі двигателі екенін аузы көпіріп тұрып дәлелдеді. Оның өзіне деген беріктігі мен сенімділігінің күшті болғаны соншалықты, қазылар алқасына эмоциялық күйін жеткізе алды. Оған ақшалай грант және үшінші орын берді. Міне, таныстырылым ережесі. Эмоция, харизма және көңілді бола білу. Егер сіз интроверт немесе оқымысты болсаңыз, жобаңыздың таныстырылымын өзіңіз жасамаңыз, одан да сізге қарағанда «жандырып» қорғайтын адам табыңыз. Атағыңызды екінші қатарға жіберіңіз де, алға таныстырылымның табысты болуын қойыңыз. Мен сөзімді «Мен бүгін сіздердің алдарыңызда жобамды қорғап тұрмын. Менің басты мақсатым – миллионер болу, мүмкін, бір кездері жастардың өз бизнесін дамыту үшін мен өзім мүмкіндіктер жасайтын шығармын. Бірақ, осылай болу үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет, сонда ғана менің компаниям толығымен табыс тауып, мен қоғамға пайда әкеле аламын» деп аяқтаймын.

Арман ТОСҚАНБАЕВ,

Қазақстандық «Отан» сағаттар компаниясының директоры.

Басқа материалдар

Back to top button