Жағалаудағы жағымды іс

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықты сақтау әрі көркейту – маңызды іс. Дәстүрге айналған «Таза өзен» акциясы Қарқаралы қаласында биыл да жалғасын тапты.

Көрнекі сурет

Аудандық жастар ресурстық орталығы және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен тазалық акциясына қала басындағы мекемелер қатысты. Қаланы қақ жарып ағып жатқан, ұзындығы үш шақырымды құрайтын өзен жағасын күл-қоқыстан тазартуға жалпы саны 33 мекемеден жүзден астам адам қатысты. Үш аумақ бойынша жүргізілген тазалық жұмысының қорытындысында 50 қап қоқыс жиналды.

Сағыныш Әбілова,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.