Бас тақырып

Оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов в 13 наурыздан бастап елде шектеу енгізілетінін айтты. Мерекелік іс-шаралар, адам көп жиналатын жиындар тоқтайды. Әлеуметтік нысандар залалсыздандырылады. Спорттық жарыстар да кейінге шегерілетін болды. Мектеп оқушылары да белгіленген мерзімнен бұрын каникулға жіберілмек.

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов. 

Басқа материалдар

Back to top button