Бас тақырыпЖаңалықтар

Оқытушылардың еңбекақысы көтеріледі

Алдағы уақытта білім саласының қызметкерлеріне арналған әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындар азайып, жинақталған қаржы оқытушылардың еңбекақысына бағытталмақ. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мәлімдеді.

Бұл орайда министр Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорына университет басшыларының штаты мен оқытушыларының жалақысы мәселесін қайта қарауды тапсырды.

– Мемлекеттік университеттер тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Ол тек министрліктің аппаратына қатысты емес, квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты мәселе, – деді Асхат Қанатұлы.

 Бұған дейін министрлік тарапынан жоғары оқу орындарына профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыру жөнінде тапсырма берілген. Нәтижесінде оқу жылының басынан бастап министрлікке қарасты 25 жоғары оқу орнында жалақы 20-дан 50 пайызға дейін артты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button