Шет

Ақадырлықтарға – айрықша тарту

Бүгінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендердегі медицина сапасын көтеру міндеті алдыңғы орында.

Осыны негізге алған Болат Өтемұратов қоры мен «Астана Груп» компаниясы Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті үшін шарапатты шаруа жасады. Кенттің орталық ауруханасына құны 55 млн. теңге тұратын медициналық құрылғылар мен реанимобиль автокөлігін сыйға тартты.

Енді, ауруханаға тапсырылған биохимиялық қан талдау құрылғысы, феталдық монитор, фототерапия құрылғысы, екі хирургиялық құралдың жиынтығы және жедел реанимобиль көлігі ақадырлықтар үшін қызмет көрсетпек.

– Ақадырдағы орталық ауруханасы дәрігерлерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуге деген мүмкіндіктері еселеніп отыр. Аурухана озық медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Реанимобиль көлігі барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Діттеген жеріне тез жетіп, ауырып жатқан адамға ренимациялық барлық қызметті ауруханаға жеткенше жасап келуге арналған, – дейді Ақадыр кенті аурханасының бас дәрігері Есенжол Жазыбаев.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button