Бас тақырып

Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханға естелік тақта орнатылады

Санкт-Петерордағы бұрынғы Императорлық Орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратынаАлаш арысы  Әлихан Бөкейхан туралы естелік тақта орнатылады. Бұл ұсынысты дауысқа салу барысында  27 адам қолдап, 7 адам қарсы болған және 5 адам қалыс қалған, – деп хабарлады Сұлтанхан Жүсіп.

Ескерткіш тақта орнатуды ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкері, осы ЖОО-ның тағы бір қазақ түлегі Майкен Әзенов ұсынып, Ғылыми кеңестің қарауына Әлихан Бөкейхан туралы барлық тарихи анықтама-мәліметті осы жолдардың авторы жазып беріп,ұсынысты «Ақ жол» Демпартиясының Азат Перуашев бастаған парламенттік фракциясы Орман-техникалық университетінің ректорына арнайы хат жолдады. Нәтижесінде осындай қуанышты шешім қабылданды. Ескерткіш тақтаны жасатып, орнатуды «Ақ жол» партиясы өз жауапкершілігіне алып отыр.
Одан бөлек ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алынды. «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясынан Мәскеудегі Елшілікке тиесілі хат жолданды. Енді Мәскеуден хабар күтіп отырмыз.
Құтты болсын! Алаш қайраткерлерінің аруақтары жар болсын, Алаш ұрпақтары”, – деп жазды Сұлтанхан Жүсіп  өзінің “Фейсбук” парақшасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button