Жаңалықтар

Механизм – мүмкіндік

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үнемі көңіл бөледі. Жуырдағы Жолдауында «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту» деп баса айтты.

Біле білгенге бұл – үлкен мүмкіндік. Әсіресе, аграрлы аудан халқының белді бекем буатын тұсы.

Сондықтан, Елбасының кезекті Жолдауындағы міндеттер мен межелер Ұлытау ауданында қызу талқылануда. Жергілікті билік пен шаруа қожалықтары да мемлекет халыққа ұсынып отырған механизмдерді оңды пайдалану керегін жақсы түсінеді.

Мәселен, өткен аптада Қоскөл ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының иелері Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында бас қосты. Аграрлық салаға ауқымды қолдау барын ұғынған шаруалар Президенттің сарабдал саясатын бір ауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Осы мақсаттағы кезекті жиын ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінде де өтті. Шараға ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ұжымы мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиынды аталмыш бөлім басшысының орынбасары Г.Ауғанова жүргізіп, басты құжат аясында өңір аумағында атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы xабарлады.

 Баяндамашы Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі басымдылықтарына кеңінен тоқталды.

 Гүлнар Мәдениетқызы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы сияқты басымдықтарды баяндады. Сондай-ақ, аудан халқын Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындауға шақырып, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір азаматтың міндеті екендігін баса айтты. Жиын барысындағы жарыссөзде бөлімдегі әр сала өкілдері сөз алып, Жолдаудағы игі мақсаттарды зор ықыласпен қабылдағанын жеткізді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button