Абай

Сенатор – Абай ауданында

Абай қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарының басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылау болды.

Аудан әкімі Бауыржан Асанов пен аудандық мәслихат хатшысы Б.Цай сенаторға ауданда қолға алынған жұмыстарды таныстырды. Сенатор алдымен «Волынка» ет комбинатына барды.

Кәсіпорын директоры Д.Сәкенов өндірістің алдағы жоспары туралы айтып өтіп, жаңартылған технология туралы баяндады. Бүгінде аталмыш кәсіпорын алғашқылардың қатарында қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы бойынша оқу орталығын ашып, қажетті мамандарды дайындауда.

Сенатор келесі кезекте №10 мектеп-гимназиясына барды. Мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Білім ошағының директоры Л.Мухитдинова оқу сыныптарын көрсетіп, педагогикалық ұжыммен таныстырды. Мектеп-гимназияда оқушыларға патриоттық тәрбие беруге баса көңіл аударылады. Әскери даңқ мұражайы қонақтардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар мен ұстаздар жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сондайақ, депутатқа этномәдени мұражай, интеллектуалды ойындар кабинеті, технология кабинеті, жақында ғана құрылған домбыра ансамблі көрсетілді. Мектеп ұжымымен кездесу соңында Р.Әбдікеров ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Сенат депутаты аудандық сот, ішкі істер басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті полиция қызметі ұжымдарымен кездесіп, Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарына тоқталды. Жүзу бассейні мен қалалық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді.

Жұмыс сапарының соңында Сенат депутаты аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еңбек ардагерлері мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысқан жиын өткізді. Кездесуде Рысқали Қалиақбарұлы Жолдауда көрсетілген міндеттердің өзектілігін баса айтты. Кездесу соңында қатысушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button