Ұстаз үйреткен ерекше ақыл

Шәкірті ұстазына келіп: «Айтыңызшы, ақылды мен ақымақтың айырмашылығы неде?» – деп сұрайды. 

Ұстазы бұл кезде таңғы асын ішіп, көк шайын қолына алып, өмір жайлы толғанысқа батып отыр еді. Бірақ шәкірті үшін кеседе ішілмеген шайын тастап, орнынан тұрды.

Сөйтті де оны соңынан ертіп, тау бөктеріне аяңдады. Тау етегінде ірілі-ұсақты тастар жатты. Осы тастарды жоғары шығарып жинауды сұрады. Шәкірті күні бойы терлеп-тепшіп тастарды жоғары тасумен болды. Ұстазы бұл кезде көлеңкеде тыныстап, философиялық кітап оқып отырды. Шәкірті арып-ашып, қас қарайғанша тастарды жоғары жинап үлгерді. Содан соң ұстазына келді де, тындырған ісіне масаттана: 

– Ұстаз, енді сұрағыма жауап алсам болатын шығар? – деді. 

– Жоқ, – деп басын шайқады ұстазы, – әлі де дайын емессің.

– Онда мына тастың бәрін не үшін тасыдым? – дейді. 

– Міне, – деп сұқ саусағын көрсетті, – ақылды адам маңызы жоқ іске не үшін кірісуі керек екенін бастамай тұрып сұрар еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.