Бас тақырыпЖаңалықтар

Топардағы тың жоба

Облыста саңырауқұлақ өсіру ісі өркендеп келеді. Абай ауданының Топар кентінде кәсіпкер Әлия ЖҰМАТАЕВА аспалы саңырауқұлақтарын өсіруді дамытуда. Экологиялық таза отандық өнім тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Тауар Қарағандыда және облыстың басқа да қалаларында таратылады.

Кәсіпкер әйел «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау құралдарының бірін пайдаланған. Осыдан екі жыл бұрын Әлия Жұматаева бизнес-жоспарын қорғап, өз ісін дөңгелетіп алып кетуге 1,8 млн. теңге көлемінде грант ұтып алған. Ол «Топар жылыжайлары» ЖШСнен 2000 шаршы метр жерді жалға алып, онда саңырауқұлақ фермасын ашқан.

– Мамандығым бойынша мен есепшімін. Он жыл бұрын Қарағанды облысына Петропавлдан көшіп келдім. Әрдайым жан-тәніммен саңырауқұлақтарды жақсы көрдім. Дүкендер сөрелерінде, тек импорттық қозықұйрық саңырауқұлақтар ғана болатын. Өз ісімді ашуға бел буғанда, осы саланы таңдадым. Біріншіден, ол импортты алмастыру және тұтынушыларды сапалы, экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету. Біз ешқандай химикаттарды қолданбаймыз, – дейді кәсіпкер әйел.

– Жоба сәтті жүріп кетті. Енді өз қаражатымыз есебінен консервілеу бекетін ашуды жоспарлап отырмыз. Саңырауқұлақты тұздап, олардан икра жасағымыз келеді.

Оның айтуынша, алдымен аспалы саңырауқұлақтарды сабанда өсіруден бастаған. Алайда, оның жұмысы да, шығыны да көп болған. Содан кейін басқа материалды көрген. Күнбағыс шемішкесінің қабығын. Ол жақсы өнім бере бастаған. Шемішке қабықтарын Алматыдағы өңдеу зауыттарының бірінен алып келеді.

 Саңырауқұлақ фермасының қуаттылығы айына 8000-9000 тонна өнім өсіруге мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button