Главная » Саясат » Елбасы жолдауы » «Смарт сити» жобасы жүзеге асуда

«Смарт сити» жобасы жүзеге асуда

         Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауында берілген тапсырмалар өңірімізде жүзеге асуда. Оның ішінде «Смарт Сити» технологияларын кешенді енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінде медициналық құжаттар мен журналдардың 25 түрі сандық форматқа көшкен. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар ХОРОШАШ аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

– Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Қарағанды облысында аймақтық Кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) енгізілді. Оған тегін медициналық көмектің кепілдік көмегін ұсынатын барлық мемлекеттік және 95% жекеменшік ұйымдар тіркелген. Бұл дәрігерлерге емделушілердің екінші қаралуын бақылауға, облыстың кез келген клиникасына диагностикалық зерттеуге немесе кеңес алуға жолдама бергенде оларды тіркеуге мүмкіндік береді. «DamuMed» мобильдік қосымшасын Қарағанды облысының 30 мыңға жуық тұрғындары пайдаланады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қазірдің өзінде 50%-дан астам емделушілер электрондық қызметтің көмегімен өз бетінше дәрігерлерге жазылады. Ай сайын дәрігерлер 69 мыңнан астам электронды рецепт жазып, КМАЖ арқылы 240 мыңнан астам жолдама жазып береді.
Электронды флюоротеканы енгізу дерттердің алдын алуды анағұрлым сапалы және нақты болуына септігін тигізді. Жыл сайын 700 мыңнан астам тұрғындардың түсірілімдері мәліметтер базасына енгізіліп, екі мәрте оқылады. Ол алдын ала қаралу тиімділігін 20%-дан 70%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді,– деді Асқар Хорошаш.
Сондай-ақ, цифрландыру аясында «ДамуМед» мобильдік қосымшасы немесе пациенттің жеке кабинеті әзірленген. Бұл қабылдауға жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық зерттеулер қорытындыларын, рецептер, аурухана парақтарын алуға қолайлы көрінеді. Және жазылған пациенттерді «push-ескерту» арқылы хабарландыру (еске салу) жүйесі енгізілген. Жүйенің басты бағыттарының бірі – «Кезексіз емхана». Қазіргі кезде 50%-дан астам пациенттер электрондық сервистер арқылы дәрігерлерге өз бетінше жазылады, бұл «жанды кезектен» емханаға жоспарлы баруға біртіндеп ауысуды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, ақылды қалалар концепциясының дамуымен қатар ауылдық жерлердің өркендеуіне назар аударылады.

Нұрдос Кәрім.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*