Главная » Рухани жаңғыру » Рухани тәрбие – тәлімгер сөзінде

Рухани тәрбие – тәлімгер сөзінде

       12 сәуір күні ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды. Астанада Елбасының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жасалған жұмыс нәтижесінде 18 жаңа кітап пен оқу әдістемесі таныстырылды. Ал, осы ретте Қарағандыдағы «№2 Білім-инновация» лицейінде «Үздік тәлімгер – 2018» облыстық байқауы басталды.

– Бүгін басылып шығып жат­қан оқулықтармен біздің қазақтілді балалар әлі таныс емес. Сондықтан, біз біріншіден, қазақ тілін байытып, екіншіден, білім беру саласын осылайша одан әрі же­тілдіруіміз керек, – деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.
Осыны негізге алған қарағандылық 45 көшбасшы тәлімгерлер осы уақытқа дейін әр тілде меңгерген шығармаларын айтып, облыстың үздік тәлімгерін анықтау мақсатында «Үздік көшбасшы» байқауына қатысты. Байқаудың екінші кезеңінің жеңімпаздары –Қарқаралы, Шет, Абай, Ақтоғай, Ұлытау аудандары мен Қарағанды және Сәтбаев қалаларының үздік тәлімгерлері екенін атап өткен жөн. Олардың тек 8-і ақтық кезеңге өтіп, өзара сайысқа түсті.
Сайыста Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ай­тылған әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы жемісін бере бастайтындығын ескерген тәлімгерлер, заманауи авторлар шығармаларының қазақ тіліндегі аудармасын көпшілікке түсінікті тілде жеткізе білді.
«Рухани жаңғыру» – алдымен, елдің ертеңін, болашағын ойлайтын ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеуден басталады дейтін мұғалімдер, қазақ тілін байытып, өзге тілдің бәрін меңгеруді мақсат тұтқан екен.
Мұғалімдер өздерінің шығармашылық қабілетін, көшбасшы­лық қасиетін, сондай-ақ, инновациялық идеяларын «Мен көшбасшымын» бейнекөрсетілімін ұсыну барысында жеткізді. Педагогикалық жағдайды шешуде «Табысқа өтініш» үй тапсырмасын орындады. Ата-аналар мен студенттер, білім беру саласының мамандары бірлесіп тәлімгерлердің кәсіби деңгейін бағалады. Облыстық байқаудың екінші кезеңінен өткен жеңімпаздармен қатар, орта және мамандандырылған оқу орындарының оқушылары да сайыстан табылды.
Наталья КРАСНИКОВА, «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы­ның Өңірлік жобалық кең­се­сінің сарапшысы:
– Тәрбие – Отанға деген сүйіспеншіліктен, ата-анаға, үлкенге деген құрметтен басталады. Ал, тәлімгерлер бүлдіршіндердің кітапқа сүйіспеншіліктерін арттырып, рухани тәрбиелейтін жандар. Сондықтан, тәрбие ең алдымен – «Рухани жаңғырудың» бастауы. Биыл Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толып отыр. Соның ішінде Елбасы ұстаздар қауымына қатысты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жөнінде атады. Біздің облыс тәлімгерлері аталған жоба аясында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шыққанынан хабардар. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітап­xаналарына таратылмақ. Тә­лімгерлеріміз кітаптармен кеңінен танысып, бүлдіршіндердің шығармашылық деңгейін көтереді деп сенеміз. Жас мамандарымыз өздерінің мүмкіндіктерін осындай байқауларда байқатады, қызметінде нәтижелі пайдаланады деген үміттемін.
Облыстық сайысқа қатысқан әрбір тәлімгер бүгінгі заманауи мұғалім келбетін жан-жақты көрсете білді. Бірі – тілді жетік меңгеруімен ерекшеленсе, екіншісі – шәкірттерінің ғылымдағы үздік көрсеткіштерімен бөлісті. Ал, кейбірі бүлдіршіндерге жігер беретін шығармашылық идея және тың жобаларды қазылар алқасының назарына ұсынды.

Аяулым СОВЕТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*