Главная » Орталық ақпарат » Жасыл желек – жердің көркі

Жасыл желек – жердің көркі

        Жыл сайын көктемде «Тұрақты даму» Жер қоры ұйымының бастамасымен «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты экологиялық акция өткізіледі. Осыған орай, барлық орман мекемелерінде, қала және елді мекендерде ағаш отырғызу акциясы жүргізілуде.

Акцияның мақсаты – орманды қалпына келтіру, сақтау, қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру, қоғамды орман байлығына баулау, көбейту және сақтау.

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» ең алғаш 2014 жылы 19 сәуірде ұйымдастырылды. Акцияның қорытындысы бойынша 2014 жылы облыс бойынша 22 мыңнан астам шыбықтар отырғызылды. Бұл шараларға 206266 ерікті адам қатысты.

Жыл санап отырғызылатын ағаштар саны артып келеді. 2015 жылы облыс бойынша 11 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаш, 2016 жылы 10 мың жапырақты көшет түрлері отырғызылды. Өткен жылы облыс бойынша акция барысында 482 мың еріктінің көмегімен 31 мың жапырақты ағаш түрлері отырғызылды.

Ағымдағы жылы акция 21 сәуірде басталады. Туған жерімізге немқұрайлы қарамай, «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына қатысуға шақырамыз.

Көшеттерді «Озеленитель» ЖШС (тел.: 87013664288), «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ (тел.: 44-00-33), «Зеленый город» ЖШС (тел.: 87781220440) сатып ала аласыздар. Нақты ақпаратты www.pr-resurs.kz сайтынан алуға болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*