Главная » Жасампаздық жолында » Бес бастама – береке бастауы

Бес бастама – береке бастауы

       Мемлекет басшысы жариялаған «Бес әлеуметтік бастама» Үндеуінде халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерге назар аударды. Сондықтан да, бұл бастама халықтың қолдауына ие болуда.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың баспаналы болу мәселесінен бастап, жастардың алаңсыз білім алып, бәсекеге қабілеттілікпен болашаққа қадам жасауына даңғыл жол ашып отыр. Әуелгі бастама «7-20-25» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін әр қазақстандықтың жеңілдікпен баспаналы болу мүмкіндігі. Бұл қарапайым хал үшін жасалған үлкен қолдау деп білемін. Барлығымыз да балаларымыздың қамы деп еңбек отырмыз. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жағдайды бүгіннен бастап жасау қажет. Бұл бағдарлама соған қол жеткізуге сеп болады деп ойлаймын.

Балаларымыздың жоғары білім алып, оқуға мемлекеттік білім грантымен түсуге мүмкіндігі молайды. Елбасы алдағы оқу жылынан бастап гранттың санын 20 мыңға дейін арттыруды тапсырды. Бұл жоғары білімді қол жетімді етіп, ата-аналарға қосымша салмақ түспес еді. Сонымен қатар, жаңа жатақханалар салу және қазіргі қолданыстағыларының жағдайын жақсарту да маңызды деп білеміз. Білім алушылар тұрмыстық мәселелермен басын қатырмай, білім алып, білікті маман болып шығуға негіз бар.

Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – әсіресе, жастарға бағытталған тағы бір шара. «Жас келсе – іске» дейді. Жастардың бизнес идеялары мықты қазір. Олар жаңа заманның, тәуелсіз дәуірдің балалары, ертеңгі болашақ негізі. Түрлі салада өз кәсібін ашқысы келетіндер осы мүмкіндікте жіберіп алмау тиіс. Себебі, бұл бастама жастарға ізденуге серпіліс береді және қоғамға өз пайдасын тигізеді.

Жалақысы аз жұмыскерлердің жалақысын арттырудың бір жолы – олардың салық салымдарының мөлшерін азайту. Үндеуінде Елбасы осындай ұсыныс жасады. Қарапайым халықтың еңбекақысы соншалықты көп емес. Бұл бастаманы іске асырудың жолдары қарастырылса, әсіресе, ауылдық жерлерде тұрақты еңбекақы алатындарға айтарлықтай көмек болар еді.

Сонымен қатар, елді көгілдір отынмен қамту да экология үшін де, экономика үшін де маңызды шешім. Бұл мәселе бойынша жұмыстар қолға алынды, тиісті шаралар жасалуда. Жақын болашақта аймағымыз газбен қамтылады деп сенеміз.

Бұл бастамаларды, алдымыздағы міндеттерді бірлесіп еңбек еткенде ғана еңсере аламыз. Олардың жүзеге асуы еліміздің экономикасын ілгерлетіп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, мүмкіндіктерімізді еселей түседі. Президент өз сөзінде, «мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын» деп ертеңге сенім ұялатады.

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ,

облыстық ІІД баспасөз

қызметінің бас маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*