Главная » Аймақ » Қарағандылықтар — жүлделі орында

Қарағандылықтар — жүлделі орында

Наурыз айында Атырау мен Қостанай қалаларында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында ХХ мерейтойлық республикалық олимпиада өтті.

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 1382 оқушы, оның ішінде, Атырау қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен олимпиадаға – 780, ал, Қостанай қаласындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаға – 602 оқушы қатысты.

Аталмыш олимпиадаға Қарағанды облысының олимпиадалық командасы да қатысып, жеңіспен оралды. Команда құрамына республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған 70 дарынды оқушы, оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 37 оқушы, ал, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 33 оқушы кірді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден облыс командасының 14 (1 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль) қатысушысы, ал, қоғамдық-гуманитарлық пәндерден 12 (1 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль) оқушы топ жарып, жоғары нәтиже көрсетті. I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Олжас Нұрпейісов (химия, мұғалімі А.Саматов), қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша №3 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Денис Романов (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі З.Жанұзақова) марапатталды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының командасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпыкомандалық ІІ орынды иеленді.

Динар ЖҰМАГЕЛДИНА,

«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*