Главная » Басты тақырып » Ішкі туризмге сай маман

Ішкі туризмге сай маман

Қарағанды қаласында экскурсовод, турист агенті, нұсқаушы-әдіскер мамандығына оқытатын оқу орталығы «Қарлығаш» туристік фирмасы аясында жұмысын бастады.

Бұл Қарағандыда туризм саласына оқытуға бағытталған орталық. Мұндай мамандыққа сұраныс «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде туындап, аталған маман иелерінің нарықта қаттығы және бір айқын сезілген. Нарыққа байланысты «Қарлығаш» турфирмасы мұндай мамандарды дайындап шығаратын оқу орталығын ашуды өз міндетіне алыпты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдің киелі де, туризмге әбден лайық мекендерін осы мамандар меңгеретін болады. Орталықтың басшысы Қарлығаш Әбілсейітованың айтуынша, бүгінде бірінші топта 10 адам дәріс алуда. Алдағы уақытта бұл дәрістер жалғасты болмақ. Алғашқы топ «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жолданыпты.

Қарлығаш ӘБІЛСЕЙІТОВА, «Қарлығаш» оқу орталығының басшысы:

Қазір бірінші топта 10 адам оқытылуда. Төрт ай ішінде кәсіпкерлік негізін үйреніп, тек Қарағанды аймағының ғана емес, еліміздің тарихын, георграфиясынан да сабақ алады. Оқу теорияға қадалып қалмайды, тәжірибемен де нақтылана түседі. Жергілікті өңір бойынша экскурсиялар өткізіледі. Емтихандар шілде айына жоспарланған.

Жалпы, оқу дуальдық жүйені ұстанады. Яғни, теориялық білім тәжірибемен ұштасып отырады. Орталық басшысы Елбасының ішкі туризмді дамыту туралы тапсырмасын атап өтіп, «біздің міндет – сырт елге шығатын туристерді осында өзімізде қалдыру» дейді. Сонымен қатар, орталық өлкетану бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізіп, өзіміздің киелі орындарымыз туралы қарағандылықтарды таныстыру қажет деп біледі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Қарлығаш Оспанова курстың ашылуына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы түрткі болғанын атайды.

Кәсіпкерлер палатасы жұмыссыздарды жұмыспен, кәсіпорындарды маманмен қамтуды мақсат тұтады. Сондықтан да, осындай оқулар әрекеттегі өндірістер мен кәсіпорындар да тікелей ашылуда. Біз бұл оқу экскурсоводтар мен гидтерге сұранысты қамтиды деген ойдамыз, – дейді Қарлығаш Оспанова. Келешекте мұндай мамандар ішкі туризмді ілгерілетеді деп күтілуде.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*