Главная » Аймақ » Субұрқақ – шаһар сәні

Субұрқақ – шаһар сәні

Биыл Қарағанды қаласындағы бес субұрқақ жөнделеді. Бұл мақсатта 89 млн. теңге жұмсалмақ.

Шахтерлер шаһарында 28 субұрқақ бар. Оның 18-і – қала орталығында, 7-і – Оңтүстік-Шығыс аумақта және 3-і Октябрь ауданында орналасқан. Мұның ішінде Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақтағы, Бейбітшілік гүлзарындағы, қалалық әкімдік алдындағы, Оңтүстік-Шығыстағы жаңа мешіттің маңындағы және «Жеңіс» саябағындағы субұрқақтары жөндеуден өтеді.

«Шалқыма» концерт залының маңындағы субұрқақ биылғы жылы көп уақыттан соң алғаш рет іске қосылады. Бірнеше жыл бұрын қозғалтқышы, жарық шамдары мен бүріккіштерді іске қосатын кабель қолды болған еді. Ұрылар табылмағанымен, субұрқақ қалпына келтіріледі.

Қала бойынша субұрқақтар 1 мамырдан бастап 10 мамырға дейін іске қосылады.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*