Главная » Аймақ » Бұқар Жырау » Бұқара тілегі – назарда

Бұқара тілегі – назарда

          Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид МАМАЛИНОВ жергілікті халық алдында есеп берді.

Аталмыш кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев арнайы шақырылды. Сондай-ақ, аудан ардагерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Онлайн жүйеде “Facebook” әлеуметтік желісі мен аудандық әкімдік порталының қолданушылары да кездесуге виртуалды түрде қатысып, пікір қалдыруға мүмкіндік алды.

Осы күні көрме ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ербол» ШҚ, «КНИИРС» ЖШС ақпараттық стенд ұсынды, алға қойған жоспарларына назар аудартты. «Үштөбе» орта мектебі  «Робототехника және болашақ инженерлері» жобасын, «Тұзды» орта мектебі ағаштан ойып жасалған бұйымдарын, Ботақара кентінің балалар өнер мектебі киіз бұйымдардың жасалу әдісімен таныстырды. «Керней» орта мектебі «Дизайн және қолөнер шеберханасы» жобасын, «Ростовка» ТОМ мектептегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылудағы міндеттерді атады. Ғ.Мұстафин кентіндегі «Фортуна» тігін цехы өздері тігетін киім-кешектерін көрмеге ұсынса, «Сулеймен» ЖК тауық жұмыртқаларына арналған қораптар шығаратынын айтып, іс жүзінде көрсетті. Көрмеде тіпті, «Қушоқы»  және «Sat komir» көмір өндірушілері де  өнімдерін жұрт назарына ұсынды.

Сонымен қатар, Ботақара кенті, Ростовска, Доскей, Қызылқайың, Центральный, Керней, Баймырза ауылдарының  әкімдері аймақты дамыту бағдарламаларымен таныстырды.

Кездесудің екінші бөлігінде бұқаржыраулықтар орталықтандырылған жылыту, аудан мектептерін жөндеуден өткізу, ауылшаруашылығы мәселелері, мектептерге спорттық жабдықтар сатып алу, денсаулық сақтау, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы туралы сұрақтарына толымды жауап алды.

Б.ҚҰДАЙБЕРГЕН,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*