Главная » Аймақ » Балқаш » «Тәуелсіздік дәуірі» – егемен ел шежіресі

«Тәуелсіздік дәуірі» – егемен ел шежіресі

     Ел Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында егемен еліміздің жиырма алты жыл ішінде бастан кешірген құрылу кезеңдері сипатталып, күрделі сəттер баяндалған. Тəуелсіздік тарихын түсіндіре отырып, Елбасы мемлекет пен қоғамға нақты талдау жасаған. Ел тарихындағы күрделі кезеңдерді айта келе, серпіліс үшін Қазақстанның дағдарысты ұтымды пайдаланғанын айтып, жас ұрпақты қанаттандырады. Кітапты оқыған ғалымдар, зиялы қоғам өкілдері кітапқа «Тəуелсіздік энциклопедиясы» деген атау беруде, расында кітапқа тəуелсіздіктің мəні, еліміздің тəуелсіздікке қол жеткізуі мен қиын жылдар, бүгінгі қалыптасқан кезең туралы жан-жақты деректі мəліметтер енгізілген. Бүгінгі Қазақстан жаңғырудың үш толқынын өткеріп, тарихтың, тағдырдың сынына жұтылып кетпей жұлқына, өршелене алға құлаш сермеген, сол сындардан ширығып шығып, əлем назары ауған биік мінбелерден маңызды үн қата білген, төрінде алқалы жиындар өткізіп, нəтижесінде мамыражай мəмілелерге ұйытқы бола алған, өзінің айқын жолын таңдаған мемлекет. Сан ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тəтті өмір сүріп, мемлекеттің дамуына үлес қосып, бейбітшіліктің бесігі, ауыз бірліктің үлгісі болған ел. Шынында да «Тəуелсіздік дəуірі» кітабы бақ қонақтаған байтақ еліміздің баян-шежіресі, ел мен жерді танимын деген бүгінгі ұрпақтың қызығып оқитын туындысы. Осы мақсатта мектеп-лицейімізде «Тəуелсіздік дəуірі» кітабына арналған «Елдіктің туын көтеретін туынды» кітап көрмесі, әркім білуге тиіс айдарымен ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. «еркін елдің ерлік жылнамасы» конференциясы, «Жылдар жүгін арқалаған еңбек» сынып сағаттары, «Ұрпақ арасын жалғайтын туынды» дөңгелек үстел және «Жаңғыру кезеңдерінің жылнамасы» атты брифинг жоспарланып, іс-шаралар өткізілуде.

Балғын ҰЗАҚБАЙ,

15 мектеп-лицейінің 9 «Ә» сынып оқушысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*