Главная » Аймақ » Бұқар Жырау » Бағдарлы болашаққа бастар жол

Бағдарлы болашаққа бастар жол

              Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз етеді» деген бірегей 10 бағытты ортаға салды. Соның ішінде, «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты 7-ші бағытты жүзеге асыру мақсатында білім саласының қазіргі заманауи көкейкесті мәселелеріне ерекше тоқталып өтеді.

Мектеп – келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мейірін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаз.

Қазіргі уақытты қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі тү­бірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблемаларды шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Осы уақытқа дейін мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алды. Ол оқушыны өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруге кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетіп келді.

Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісінің ескі мазмұнының орнына тың идеяларға негізделген жаңасы келуде.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Жаңа технологиялар өмірімізге жаңа оң өзгерістер енгізіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жаңа сілкіністер әкелетін болады. Жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқу материалдарының тақырып бойынша сынып бойынша күрделенуі, Блум таксаномиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы, пәнаралық байланыстарды нығайтатын ортақ тақырыптардың болуы, оқу процесін ұзақ мерзімді, орта , қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады.

Ұстаз бойында дүниетанымдық көзқарас, кәсіптік білім мен біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, заманға сай жаңашылдығы болуы керек. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдердің қатарында терезесін тең ететін – білім.

Айгүл БАЙДҮЙСЕНОВА,

Сарытөбе негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*