Главная » Рухани жаңғыру » Дегелек – қамқорлық үлгісі

Дегелек – қамқорлық үлгісі

               Былтыр қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің шынайы өзегіне айналды. «Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген Елбасы сөзі ел тұрғындары арасында кеңінен қолдау табуда. 

Абай ауданында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Мәселен, «Астра-Агро» LTD ЖШС ауылдарды абаттандыру шараларына тұрақты араласып келеді. Аталған шаруашылық Көксу ауылын көркейту мақсатында аулаларды жөндеп, түрлі мүсіндер тұрғызуда. Солардың бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қамтылған басты бағыттар шеңберінде жасалған дегелек құсының мүсіні болды. Дегелек құсы – ата-анаға, жақындарға деген қамқорлықтың үлгісі болып табылады.

Ерекше мүсіннің ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары шаруашылық басшылығына дән риза.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*