Ежедневные архивы: 08.02.2018

ЕКІ КЕЗ БӨЗ

          Жалғанның жарығында жинағаның, бақилықта бұйырмайды. Бірге баратыны — екі кез бөз! Бұны бәрі біледі. Ендеше қоғамда  парақорлық пен жемқорлық неге жойылмайды? Жалған сөйлемейін, парақорлық қоғамда қашаннан бар: қылышынан қан тамған «қызыл коммунист» кезінде де кездесетін. Көріп жүрдік. Бірақ, батып айта алмадық. Тіпті «пара» деген сөздік қорда сирек кездесетін. «Алған-берген» — айып емес еді. Тәуелсіздік тізгіні тигесін, үзеңгі шіреп тұрып ...

Читать далее »

Көшбасшы көрегендігі – келешек кепілі

           Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға тиіс» деген болатын. Бұл тұрғыда еліміздің жаңғыруы мен гүлденуін қамтамасыз ету үшін нақты жұмыстар жасалу керектігі айтпаса да белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда ұстаздар қауымының біліктілігі мен озық әдістемелерді қолдана білуіне ...

Читать далее »

Алаш айбыны – адами капитал

              Ел дамуына зор серпіліс берген Президент Жолдауының мәні биыл қарымды бастамалармен, идеялармен, жауапты тапсырмалармен ерекшеленеді. Жолдаудың жетінші тармағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталады. Бұл тұста білім мен мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуетін арттыру туралы терең ой қозғалған. Осы ретте Көшбасшымыз «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық, әрі жаһандық көзқарасы ...

Читать далее »

Дамудың даңғыл жолында

               Жуырда М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысушылар қатарында «6505» әскери бөлімінің сарбаздары болды. Мұндағы мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру. Сонымен қатар, Отанды сүю, ...

Читать далее »

Өндірістік революция өзімізден басталуы тиіс

           ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауы өнеркәсіп саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге мұрындық болар деген үміттеміз. Мәселен, облыс орталығында Қарағанды құю-машина жасау зауыты бар. Жуырда аталған зауыттың қызметімен танысып, заманауи құрал-жабдықтарын зерделеп қайтқан едік. Бұл зауыт – өңіріміздегі машина жасау саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Кәсіпорынның негізгі ...

Читать далее »

Тордағы тағдырлар

               Халық қасіреті ұмытылмайды. Себебі, ел басына түскен ауыртпалық адамдар санасынан ешқашан шығуы тиіс емес. Тарихтың ащы сабағын үйренбей, зерделемей бүгінгі тәуелсіз елімізді ілгері дамыту мүмкін емес. Сондықтан, КСРО мұрағаттарында сан жылдар бойы «аса құпия» таңбасымен сақталған құжаттарды түгелдей болмаса да, сөйлету қажет-ақ. Қызыл империяның 30-шы жылдары белең алған қанды терроры қазақ халқына келгенде жазалаудың ерекше сипатын алды. Осы сұрқия, ...

Читать далее »

Қаңтардағы инфляция – 0,2 пайыз

Азық-түлік тауарлары бір айда 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,1%-ға, ақылы қызметтер 0,1%-ға қымбаттады. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлайды. Статистика департаментінің мәлімдеуінше, азық-түлік тауарларына баға индексінің қалыптасуында қаңтарда қиярға – 7,8%-ға,  пиязға – 4,2%-ға, қызанаққа –3,5%-ға, сөкке – 3,1%-ға, сәбізге – 3%-ға, сұлы жармасына – 2,5%-ға, картопқа – 2,1 %-ға, қырыққабатқа – 1,8%-ға баға өскен. Қарақұмық жармасына – 8,3%, ...

Читать далее »

Жөні бөлек, Жосығы ерек

Қазағыңыздың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайды біз тобылғы торы талант деп атаймыз. Жазамыз. Дәл солай көз алдымызға келтіріп оқимыз. Елестетіп елеңдейміз. Тобылғы торы талант деп Ғалымдайын ғажап қаламгеріңіздің, бірегей бауырымыздың бүкіл болмыс-бітімін, тұтас тұрғы-тұрпатын, ағыл-тегіл ақындығын айтамыз. Қайран қазағыңызда аймүйіз ақындар бағзы замандарда да, күні кешелері де аз болмаған. Дәл бүгінгі кезенейлі кезеңде де кемшін соғып жатқан жоқ. Мың да бір ...

Читать далее »

Ықпалдасудың төте жолы

           Ұлт көшбасшысының көрегендігі мен сарабдал саясатының ендігі бір жемісті де жеңісті белесі – қолданысымыздағы кириллица қарпін латын әліпбиіне көшіру. Елбасының  осынау тағдыршешті қадамға баруының өзі заман талабы деуге тұрарлық. Себебі, тың технологиялар мен ақпарат айдынында, ғылым һәм білім кеңістігінде латын әліпбиінің алар орны – ұшан-теңіз. Бұл – еліміздің ертеңін ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимей мемлекетіміздің мерейін одан сайын үстем ...

Читать далее »

«Арандап қалмайық, ағайын!»

             Соңғы күндері әлеуметтік желіде жер дауына қатысты жаңа сыбыс желдей есті. Аты-жөні белгісіз автордың «14 ақпаннан бастап жер шетелдіктерге сатылады. Парламент жаңа заңды жасырын қабылдап жіберді» деген сарындағы жазбасы қызу талқыға түсіп, тарап жатыр. Бұл не сонда? Елбасымыз жариялаған мораторий қайда? Бұл жазбаның астарында кім тұр? Жер туралы жаңа заңның мазмұны қандай? Осы сауалдарды Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық ...

Читать далее »