Главная » 100 нақты қадам » Дербес бюджет – үлкен қадам

Дербес бюджет – үлкен қадам

           Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-ші қадамында,  селолық округ, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджеті туралы айтылған болатын.

Осыған орай, аудандық мәслихаттың бюджет саясаты мен экономика, аграрлық мәселе және экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі және әлеуметтік даму мен халықты қорғау, заңдылық пен құқық қорғау, жариялылық және аудандық мәслихат регламенті жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – дербес бюджет берілген Қарқаралы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы және өткен жылы атқарылған жұмыстар. Бұл тақырыпта депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Айдар Сатыбалдин өткен жылы жүзеге асқан ілкімді жұмыстарды тізбектеп өтті.

Жалпы, қала басындағы халық саны 9 мыңға жуық адамды құрайды. Оның 5441-і – экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтар. Жер көлемі – 11 мың гектар. 538 орта және шағын бизнес субъектілерінде 1112 адам жұмыс жасайды. 2017 жылы бөлінген 207 млн. 500 мың теңге қала көшелерінің жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге, бейнебақылау камераларын орнатуға, жарықтандыру мен абаттандыруға және оларды күтіп-баптауға, безендіру жұмыстарына, су жүйесіндегі авариялық жағдайларды жоюға, жылу қазандықтарын қалпына келтіруге жұмсалған.

Ал, биылғы жылғы қаланың дербес бюджеті  235470 мың теңге көлемінде жобаланды. Яғни, салықтың 5 түрі бойынша түсімдер жобасы 30596 мың теңге, аудандық бюджеттен беріліп отырған субвенция мөлшерінің жобасы 204 874 мың теңге көлемінде. Бұл қомақты қаражат қала басына төрт балалар алаңын орнату, автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз су жүйесін қалпына келтіру мақсатында қондырғылар алу, орталықтандырылған жылу қазандықтарын жөндеу және тағы басқа ағымдағы іс-шараларға жұмсалмақ.

Сағыныш ӘБІЛОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*