Главная » Саясат » Әлеумет » Ырғақты жұмыс жалғасады

Ырғақты жұмыс жалғасады

   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ведомоствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Мәслихат депутаттары, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының өкілдері және кәсіпкерлер қатысып, аудандар бейнебайланысқа шықты. 

Жұмыс тобы жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша облыс тұрғындарынан жеткен пікір-ұсыныстарды қарастырды. Сөйтіп, мемлекеттік қызмет көрсету сек­тор­ының жыл бойғы жұмысын қорытындылады. Оған қоса, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелер, сондай-ақ, мониторингтік тексеріс нәтижелері бойынша өрескел заң бұзушылықтар анықталған мекеме басшыларының есептері тыңдалды.

Өткен жылды қорытындылаған есепке сүйенсек, Ведомоствоаралық жұмыс тобымен 7 отырыс өтіп, 23 сұрақ қарастырылған. Сәйкесінше 50 ұсыныс енгізілген.

Облыс аумақтарында мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау мақсатында 18 аумақтың 15-іне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар штаты бөлінген. Ведомоствоаралық жұмыс тобының ұсынысымен облыстағы 12 аумақтық қоғамдық кеңесте мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде қоғамдық бақылауды ұйымдастыру  қарастырылған.

Белгілі талаптарды бұзғаны үшін 9 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңдылықтарды бұлжытпай орындаған Осакаров ауданының аппарат басшысы, Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Нұра және Жаңаарқа аудандарының мамандары Құрмет громатасымен марапатталды. Сондай-ақ, Саран, Шахтинск қалалары және Абай, Ақтоғай аудандарының мамандарына сыйақы берілді.

Жалпы, бүгінге дейін Ведомоствоаралық жұмыс тобының ұсынысымен «бір терезе» қағидасы бойынша оқу процесін оңтайландыру мақсатында аймақтағы Қарағанды экономикалық университетінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, сондай-ақ, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылған. ХҚКО, департамент пен облыстың 7 жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Жұмыс тобының ұсынысына сәйкес, студенттерді электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жыл бойынша 3000-нан аса оқытушы және 6000 студент ЭЦҚ алған.

Аяулым СОВЕТ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*