Главная » Спорт » Семсершілер үздіктер қатарында

Семсершілер үздіктер қатарында

    Жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ҚР чемпионатында қарағандылық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді. Алматы қаласында өткен елішілік бәсекеге Қазақстанның әр аймағынан 280 спортшы қатысты.

Семсерлесуден кадеттер арасындағы «Жалын» облыс­тық мамандандырылған спорт мектебінің спортшылары сәтті өнер көрсетті. София Спичева,  Жасмин Капыджи, Ангелина Нурмагамбетова, Полина Ко қыздардың ішінде дара шығып, I орынды еншіледі. Лионтий Мусалов, Александр Пустовалов, Никита Казеев, Виктор Шевченко жасөспірімдер арасында II орынға тұрақтады. Сондай-ақ, қыздар құрамасы да (София Спичева,  Жасмин Капыджи, Ангелина Нурмагамбетова Полина Ко) құралақан қалмады. II орын тұғырынан көрінді. Жасөспірімдер сапында семсерлескен Артем Саркисян, Лионтий Мусалов, Никита Казеев, Виктор Шевченко II орынды иеленсе, жеке біріншілікте (жасөспірімдер):  Артем Саркисян, София Спичева, Жасмин Капыджи III орынға қол жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*