Главная » Руханият » Поэзия » Мерейтой құтты болсын несібелі

Мерейтой құтты болсын несібелі

Біләл ДОСКЕЕВКЕ

Сен деспей осы өмірде

бір адамға,

Демеуші болып жүрсіз

жылағанға.

«Білетін Білекең бар»

деп жүреміз,

Ел жайын, жердің жайын

сұрағанға.

 

Жасыңнан жақсыларға

ерген едің,

Есті сөз ел аузынан терген едің.

Ел қамын, ауыл қамын

ойлауменен,

Елжіреп жүргеніңді көрген едім.

 

Сөйлесең қар абыздай

көсілесің,

Бабыңда шуда жіптей есілесің.

Түгендеп шыққан жанның

бірі де сен,

Қояншы, Дәулет, Таңай

шежіресін.

 

Жайлауға көк майсалы –

ауыл қонған,

Қазақпыз қарын-бөле,

бауыр болған.

Білекең – ел ағасы,

бізге – жезде,

Тәуірдің қызын алып

тәуір болған.

 

Мән-жайын сен білесің

дала-қырдың,

Елімді көркейтсем деп

бола жүрдің.

Ортақ боп мерейтойға

жатыр бүгін,

Наршөккен, Талды,

Ақбауыр, Жаңажұртың.

 Марат ШАЙКИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*