Главная » Спорт » Балуандарымыз олжалы

Балуандарымыз олжалы

   Иранда грек-рим күресінен өткен халықаралық «Тахти – 2018» кубогында қарағандылық балуандар Хусейн МУЦОЛЬГОВ күміс, Ибрагим МАГОМАДОВ қола медаль олжалады.

Хусейн Муцольгов (87 келі) кадеттер арасындағы Азия чемпиондары – болгар, түрік, қырғыз балуандарын ұтып, финалға шықты. Муцольгов финалда иран балуаны Саман Азизимен болған күресте ұпай санымен жеңіліс тапты. Ибрагим Магомадов 72 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда қарсыластарына есе жібергенмен, қола үшін өткен белдесуінде шеберлік танытты. Осылайша, грек-рим күрес шеберлері ел намысын қорғап қайтты.

Өз тілшімізден.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*