Главная » 2018 » Февраль

Месячные архивы: Февраль 2018

Кітап – рухани қазына

Кітап – рухани қазына. Сол қазынамызды оқи отырып білімді, білікті, сабырлы болуға үйренеміз. Кітап оқыған адам терең ойымен, ақыл-парасатымен алға қойған мақсат-мұраттарына қол жеткізе алады. Кітап біздің рухани дамуымызға әсер етеді. Жақсы кітап жан дүниемізді нұрландырып, жүрегімізді айнадай жарқыратады. Осы орайда, жыл сайын біздің аймақта дәстүрлі «Бір аймақ – бір кітап» акциясы өз жалғасын тауып келеді. Акция мақсаты – қоғам ...

Читать далее »

Насихат жұмыстары жалғасуда

           Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатындағы кездесу өтті. Кездесу барысында Жолдаудың 10 басым бағытының ішіндегі ең өзекті бағыт – білім саласындағы «ақылды технологиялардың» енгізілуі қызу талқыланды. Оқушылар заманауи технологиялардың күшімен қол жеткізуге болатын жетістіктер, жаңалықтар туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, ашық әңгіме-сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, «Дініңді сақта, салтынды сатпа!» ...

Читать далее »

ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ

            Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолайлы бизнес орта қалыптастыру арқылы ел экономикасында оның үлесін ұлғайтуға үнемі көңіл бөліп келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» — соған бір дәлел. Осы бағытта аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыс жөнінде «Ақтоғай несие серіктестігі» ЖШС-нің басқарма төрағасы Абдолла Мырзабеков былай дейді: — Бұл бағдарлама аясында малды көбейту мен бордақылауға, жеке ...

Читать далее »

Қолданыста – жаңа ақпараттық технологиялар

          Сот билігінің халық үшін ашық, қолжетімді, жариялылық бағытты ұстануы – Мемлекет басшысы тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі. Бұл тапсырмалар сот саласында өз деңгейінде орындалып келеді. Осы мақсатта заманауи технология негізінде Ұлытау аудандық сотында сот ғимаратына кірген сәттен бастап-ақ, азаматтарға жан-жақты қолайлы жағдай тудырылған. Аудан тұрғындарының сот құжаттарының үлгілерін пайдалануға және сот өндірісіндегі істердің қаралатын күні мен уақыты туралы ...

Читать далее »

Жетпістің керіп желкенін…

            Төлқұжатында – Сәния Бикенова. Былайғы жұрт Сәния десе танымай қалар ма еді? Кім білсін?! Сәния деп емес, Әнияш Көпейқызы деп білгеннен болар бәлкім. Әнияш та емес-ау, Әнеке! Бір басына бірнеше есім тоғысқан Әнияш-Жар, Әнияш-Ана, Әнияш-Әже! Қарағандыда кіндігі кесіліп, түндігі түрілген кейіпкеріміз жетпістің желкенін керді десе кім сенеді?! Уысымыздан сырғып, уылжып бара жатқан уақыт-ай десеңші… Бір кездері Бикеновтер әулетіне келін ...

Читать далее »

«Жарқын болашақтың» жеңімпаздары

          Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№2 «Білім-инновация» лицей-интернатында» «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани мұраларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін, дүниетанымын арттыру. Олимпиада қазақ және өзге ұлт өкілдері арасында «Сөз шеберлері» «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», ...

Читать далее »

Алғаны алғыс қашанда

Таяуда Осакаров ауданындағы Сұңқар ауылына жолым түсті. Тостақанға құйған астай, шағын жинақы ауыл екен. Ауласына тал-терек егілген ақ шаңқан үйлер, есік алдында қаңтарулы тұрған түрлі маркадағы жеңіл көліктер ауыл тұрғындарының талғамы мен тұрмыс дәрежесін аңғартқандай. Өзге ауылдардағыдай есік-терезесі аңғал-саңғал болып тұрған ғимараттар көзге шалынбайды. Көшелердің ой-шұңқырына құм төгіліп, тегістелген. Арнайы ат басын тіреп барған адамым «Жұмаділ» шаруа қожалығының жетекшісі Қани ...

Читать далее »

«Ұлытау үні» – дарынды даралау

           Жезқазғанды үш күн бойы дүбірлі думанға бөлеген халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің ХХVІІІ «Ұлытау үні» фестивалі өз мәресіне жетті. Мысты қаладағы және оған іргелес орналасқан аудан-қалалардағы өнерпаздардың басын қосып, бәсекелі байқаулардың ұйымдастырылуына дәнекер болған айтулы өнер мерекесінің салтанатты жабылу рәсімі сенбі күні Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өтті. Көпшіліктің көзайым мейрамына айналған фестиваль кенді шаһарды сөздің боямасыз мағынасында шадыман ...

Читать далее »

Қысқы спорт кенжелеп тұр

           Жексенбі күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшы бағын сынаған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 28 орыннан көрінді. Дүбірлі додада I орынды 39 медальмен (14-14-11) Норвегия құрамасы алса, II орынды 31 медальмен (13-14-11) Германия иеленді. Ал, III орынды 29 медальмен ...

Читать далее »

Шымбайға батқан шындық

         Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген болатын. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігінде ашық айтты. Сонда да, таңдайдағы тілдің, маңдайдағы соры бес елі болып тұр. Өз ана тілімізді құрметтеуден қалып барамыз. Шымбайға батқан шындық – осы. Жақында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, отандастарымыз банк пен банк қызметі туралы ақпаратты орыс тілінде алғанды жөн санайды екен. Ең сорақысы ...

Читать далее »