Главная » Спорт » «Құлагер» жеңіске жетті

«Құлагер» жеңіске жетті

    Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубы өзінің «үйдегі» матчын «Теміртау» құрамасымен өткізді.

Кездесудің алғашқы бөлігі 0:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде айдын иелері тізгінді өз қолдарына алып, сауатты шабуылдарға көшті. «Құлагерліктердің» қарқынына тойтарыс бере алмаған теміртаулықтардың қорғанысы сыр берді. Қарсыластарына салған қос бірдей шайба петропавлдықтарды алға шығарды. Бұдан кейін ойынды ширатқан «Теміртау» командасы сәтті шабуылдарын үдетіп, петропавлдық ұжыммен есепті теңестірді.

Кездесу аяқталар тұста Валерий Садиков теміртаулықтарды қапыда қалдырып, жеңіс шайбасын салды. Есеп 3:2. «Құлагер» командасының пайдасына шешілді.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 29 қаңтар күні сағат кешкі жетіде өтті.

Нұрдос КӘРІМ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*