Главная » Спорт » Никитаның жетістігі

Никитаның жетістігі

    Украинаның Одесса қаласында өткен каратэ-киокушинкайдан әлем чемпионатында жерлесіміз Никита ГАРАС ересектер арасында + 80 салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.

Естеріңізде болар, киокушинкай-кан каратэ түрінен Қытайда өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен теміртаулық Никита Гарас қарсылас шақ келтірмей, Азияның абсолютті чемпионы атанып қайтқан болатын.

Никита каратэмен 13 жылдан бері шұғылданып келеді.  Жастар арасындағы жарыстарда бақ сынап келген спортшы 18 жасында ересектер арасындағы турнирге алғаш қатысып, үлкен жетістік көрсеткен еді. Содан бері, ересектер сапында Никита жеңіс жолын жалғастырып келеді.

Нұрдос КӘРІМ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*