Главная » Аймақ » Ұлытау » Алаштың тәжі – Астана

Алаштың тәжі – Астана

    Жезді кентінде ел ордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «20 жылға – 20 жұлдызды іс-шара» бағдарламасы аясында ересектер арасында қысқы спорт ойындары өтті.

Жарыстың ашылу салтанатының шымылдығы жас әнші Әсет Қожахметов шырқаған «Астана» әнімен түрілді. Мәдени-сауық орталығы директорының міндетін атқарушы А.Смағұлов, аралас мектеп-интернат директоры С.Күнту­ға­нов пен дене шынықтыру пә­нінің мұғалімі Б.Базылбеков жарыстың маңызына тоқталды. Орталық жаттықтырушысы Б.Алшынбек жарыстың ережесімен таныстырды.

Сайыс барысында ерлер – үш шақырым, қыздар – бір шақырым қашықтыққа шаң­ғымен жарысты. Бұдан кейін сайыскерлер 100 метр қашық­тықты шаңғымен жүріп өтті.

Жарыс тартысты өтті. Жан­күйерлер қатысушыларға дем беріп, қолдау көрсетіп отырды. Күн райы да жаймашуақ мінезін танытты.

Сайыс нәтижесінде А.Кішкенбаев, Е.Ақылбеков, М.Сұлтанғали, Ж.Көшекова, Н.Өмірзақ, Г.Қордан жүлдегерлер қа­тарынан көрінді. Қыздар арасындағы бір шақырымдық жарыста І орынды – Д.Мырзабекова, 100 метрлік сында – Ж.Кушекова еншіледі. Ал, ерлер арасындағы қос бәсекеде де Ө.Әлмағанбетовке тең келер жан болмады.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сый­лықтарға ие болды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Жезді кентінде қолға алынған іс-шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Айдана ОҚАП.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*